• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.92
  • EUR:
    475.36
Басты сайтқа өту
28 Маусым, 2015

Үндістанда су тасқынынан 80-ге жуық адам қаза болды

321 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 маусым. Үндістанның Гуджарат штатында толассыз жауған жаңбыр соңы селге ұласып, қатты тасқын салдарынан 80-ге жуық адам қаза болды. Бұл туралы 24today.net хабарлады. Табиғи апат құрбандарының дені лай көшкіні мен үйлердің құлауы кезінде көз жұмған. Құтқарушылар апат аймағынан 9 мыңға жуық халықты қауіпсіз жерге көшірді. Айта кетейік, жақында ғана бұл ел аптап ыстықты бастынан өткерген еді. Ең жоғары ауа температурасы бір ай бойы сақталып тұрды. Соның салдарынан ыстыққа шыдамай 2 400 адам қаза болды. Күн өтіп, аптап ыстықтан зардап шеккендер санының тым көптігіне байланысты жергілікті ауруханаларда жоғары дайындық режімі жарияланған болатын. Қаза болғандардың басым бөлігі – жасы 50-ден асқандар. Оларға аптап ыстықтан қызмет түріне байланысты көшедегі жұмыстарын тоқтатуға тура келген. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: 24today.net.