• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 17:55

Экономика өсімі бар, бірақ табыс неге артпайды? Министр жауап берді

30 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда ІЖӨ жоғары қарқынмен өскенмен, халықтың нақты табысы неге төмен екендігін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, ІЖӨ-нің халық табысына әсері бірден байқалмайды. Әзіресе, шикізат есебінен қалыптасатын салаларда бұл процесс ұзаққа созылады.

«Мұндағы басты мәселе экономиканың құрылымына байланысты. Егер экономикалық өсім капиталды көп қажет ететін немесе шикізат салалары есебінен қалыптасса, оның халық табысына ықпалы уақыт өте келе (белгілі бір кезеңнен кейін) ғана байқалады. Ал құрылыс, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы сияқты еңбек ресурстарына негізделген салалар дамыған тұста, бұл әсер халыққа әлдеқайда жылдам сезіледі», деді С.Жұманғарин.

Nvidia-ның табысы Германия экономикасынан асып түсті

Министр тағы бір себеп ретінде экономикадағы тұтыну деңгейі тауарлар мен қызметтер ұсынысына қарағанда жылдамырақ өсіп жатқандығын атап өтті. Яғни, өндіріс көлемі халық сұранысына үнемі ілесе бермейді.

«Басқаша айтқанда, өндіріс көлемі сұраныстың арту қарқынына әрдайым ілесе бермейді, бұл бағаға қосымша қысым тудырады. Белгілі бір деңгейде бұл – өсіп келе жатқан экономика үшін табиғи құбылыс, өйткені қысқа мерзім ішінде өндіріс көлемін күрт арттыру мүмкін емес», деді министр.

Серік Жұманғарин тағы бір мысал ретінде «орта табыс тұзағын» атады. Бұл дегеніміз ел белгілі бір деңгейге дейін дамиды, бірақ одан әрі тез секіріп өте алмайды. Себебі бұрын көмектескен мұнай секілді салалар әлсірей бастайды, ал жаңа бағыттар әлі толық дамып үлгермейді. Сонымен қатар министр сыртқы факторлардың әсерін де ескерген жөн екендігін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Серік Жұманғарин мұнай өндірісі ақсамағанда, ІЖӨ өсімі 6%-дан асатындығын атап өткен еді.

Соңғы жаңалықтар