• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:13

Меркіде үздік қазақы тазылар анықталды

30 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы, Меркі ауылында қазақы тазы тұқымы бойынша тұқымдық байқау өтті. Қазақстан кинологтар одағы ұйымдастырған шараға 50-ге жуық тазы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сараптамалық бағалау нәтижесінде 17 тазы «үздік», 4 тазы «өте жақсы» деген баға алды. Қорытынды бойынша 21 тазыға тұқымдық тегі туралы куәлік беріледі.

Байқау барысында сарапшылар иттердің ресми стандартқа сәйкестігін бағалап, олардың тұқымдылығын растау және есепке қоюға қажетті құжаттарды рәсімдеді. Ит иелері мамандарға тұқым ерекшеліктері, өсіру және құжаттандыру тәртібі бойынша сұрақтарын қойды.

Қатысушылар балаларымен және жақындарымен келді. Балалар сарапшылардың жұмысын бақылап, тазыны тексеру процесіне қызығушылық танытты.

«Меркіде өткен тұқымдық байқау қазақы тазыға деген қызығушылықтың тек өсірушілер арасында ғана емес, қарапайым ит иелері, отбасылар мен жастар арасында да артып келе жатқанын тағы бір рет көрсетті. Біз үшін адамдардың балаларымен бірге келуі, сұрақ қоюы, тұқым стандартын түсінуге және иттерін дұрыс рәсімдеуге ұмтылуы өте маңызды», деді Қазақстан кинологтар одағының Президенті Бауыржан Серікқали.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың қазақы тазы тұқымына деген қызығушылығын арттырып, болашақта жаңа кинологтар мен өсірушілердің қалыптасуына ықпал етеді.

Еске сала кетейік, елімізде жеті қазынаның бірі саналған тіршілік иесіне арнайы мереке енгізілген.

Тазы тұқымын танытуға септігін тигізгені үшін жуырда Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельге алғыс айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар