АЛМАТЫ. 28 маусым. Синьбей (Тайвань) қаласындағы ойын-сауық орталығында болған жарылыстан 474 адам зардап шегіп, 140 адам отқа күйіп қалған. Бұл туралы China Daily хабарлады.
Кешкі сағат 20:30 шамасында, ойын-сауықтың ең қыза бастаған кезінде, кең сахнаға мыңға жуық адам шығып, билеп жатқан. Дәл осы тұста көңілді халықтың үстінен белгісіз тұстан ұнтақ шашылып, ол іле-шала отқа айналған. Үрей құшағындағы жұрт жанталасып, жан-жаққа шашырай қашқанмен денелерінің ашық жерлері күйіп, ауыр жарақат алды.
Тез арада жеткен «Жедел жәрдем» зардап шеккендерді қаланың 19 ауруханасына орналастырды.
Зардап шегушілердің көбінің беті мен қол-аяғын күйік шалған. Полиция белгісіз ұнтақ шашылған жарылыстың себеп-салдарын анықтауға кірісті.
Талғат Сүйінбай.
Дерек: China Daily.
Сурет: CCTV News.