Президент • Бүгін, 13:06

Өзбекстан Президенті Түркістан халқына ерекше тарту жасады

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстан Президенті Түркістан халқына ерекше тарту жасады

Фото: Ақорда

Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды.

Мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.

1

Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.

2

Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.

Еске сала кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды. 

Соңғы жаңалықтар