• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 19:15

Ақтөбе-Ұлғайсын автожолын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр

10 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы арқылы өтетін стратегиялық маңызы бар Ақтөбе – Ұлғайсын көлік дәлізін қайта жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Жобаның жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайды. Автожол 7 дербес учаскеге бөлінген, деп жазады Egemen.kz.

Қазір ұзындығы 28,1 шақырым болатын бөлікте құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жоба 2024-2028 жылдарға жоспарланған. Ал 2025 жылдан бастап осы учаскеде асфальтбетон төселген жолдың бір бағыты қозғалыс үшін ашылған.

Нысанда 102 техника мен 115 маман жұмыс істеп жатыр. Бүгінде құрылыс жұмыстарының шамамен 40%-ы орындалған. Атап айтқанда, негізгі жер жұмыстары аяқталып, жасанды құрылыстар салынған, жол қабаттарының басым бөлігі төселген. Сонымен қатар қажетті құрылыс материалдары әзірленіп, өндірістік базалар іске қосылған.

Бұл учаскедегі жұмыстарды толық аяқтау 2028 жылдың соңына жоспарланып отыр.

«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тасжолын тездетіп жөндеуді тапсырды

Ал жолдың қалған 234 шақырымдық негізгі бөлігінде реконструкцияға дайындық кезеңі жүргізіліп жатыр. Қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін мердігер ұйымдармен келісімшарт жасалып, құрылыс-монтаждау жұмыстары кезең-кезеңімен басталады.

Жоба толық аяқталған соң автожол I техникалық санатқа сәйкестендіріледі. Бұл көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттырып қана қоймай, рұқсат етілген жылдамдықты көбейтуге мүмкіндік береді.

Ақтөбе – Ұлғайсын бағытын дамыту Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жоба еліміздің батыс және оңтүстік өңірлері арасындағы көлік байланысын күшейтіп, Қазақстанның халықаралық транзиттік әлеуетін арттыруға жол ашады. 

Соңғы жаңалықтар