• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 09:27

Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды

30 рет
көрсетілді

Алматыда бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері бар 10 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды. Ұсталғандар қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық, бопсалау секілді ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицейлер 21 санкцияланған тінту жүргізіп, заңсыз айналымнан қару-жарақ пен қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де заттарды тәркілеген. Мәселен, күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен бірнеше дана атыс және травматикалық қару, оның ішінде кесілген мылтықтар мен оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылған.

«Аталған автомат Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаменті ғимаратынан ұрланған. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оларды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Алматыда 700-ге жуық суық қару мен тыйым салынған заттар тәркіленді

ІІМ бұған дейін де заңсыз қару айналымына қатысты күресті күшейтетінін мәлімдеген болатын. Еске сала кетейік, бұған дейін де Алматы облысынан Қаңтар оқиғасына қатысы бар 74 қару-жарақ табылған еді. 

Соңғы жаңалықтар