• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:28

«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады

30 рет
көрсетілді

Өскемен қаласындағы «Казцинк» зауытында болған жарылыс пен өрттен кейін Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады Egemen.kz.

Полиция мәліметінше, тергеу еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы салдарынан екі немесе одан да көп адамның қаза болуы фактісі бойынша басталған.

«Оқиға орнында тергеу-жедел топтар іске кірісті, жағдайдың мән-жайын анықтау үшін бірден тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемендегі зауытта жарылыс болғанын хабарлады. 

Кейіннен жарылыстан зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізіліп, 2 адам қаза тапқаны белгілі болды. 

Сондай-ақ зауытта үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жағдайды жеке бақылауына алғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар