• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 13:40

Сурдлимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушылары 5,5 млрд теңге сыйақы алды

40 рет
көрсетілді

Қазақстанда халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғаған спортшылар мен олардың бапкерлерін қолдау жүйелі түрде жалғасып келеді. Осы бағыттағы кезекті қадам Сурдлимпиада жүлдегерлеріне қомақты сыйақы төлеу болды, деп жазады Egemen.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Үкімет қаулысына сәйкес халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен жаттықтырушыларды ынталандыру үшін шамамен 5,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 2025 жылы Токиода өткен XXV жазғы Сурдлимпиадада жүлде алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын марапаттауға бағытталған. Нәтижесінде 32 спортшы мен 42 жаттықтырушы сыйақы алды.

Сыйақы мөлшері қолданыстағы заңнамаға сай белгіленген. Атап айтқанда, алтын медаль үшін – 130 млн теңге, күміс медаль үшін – 78 млн теңге, қола медаль үшін – 39 млн теңге төленді. Бұдан бөлек, 4-6 орын алған спортшыларға 2,5 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін қаржылай қолдау көрсетілді.

Фаина Мейрманова Сурдлимпиада рекордын орнатып, чемпион атанды

Аталған Сурдлимпиадаға 81 елден шамамен 3 мың спортшы қатысқан. Қазақстан құрамасы спорттың сегіз түрінен сынға түсіп, жалпыкомандалық есепте 9-орынға тұрақтады. Ұлттық құрама қоржынына 25 медаль – 8 алтын, 4 күміс және 13 қола түсті.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, мұндай төлемдер спортты мемлекеттік деңгейде жүйелі қолдаудың бір бөлігі саналады. Бұл бастама жоғары жетістіктерді одан әрі дамытуға және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған.

Сурдлимпиада жүлдегерлері марапатталды

Соңғы жаңалықтар