• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Бүгін, 13:22

ІІМ: Қызметтік иттер көмегімен 50-ден астам кісі өлімі ісі ашылды

50 рет
көрсетілді

Қазақстанда өткен жылы қызметтік иттердің көмегімен 50-ден астам кісі өлтіру қылмысы ашылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі кинологиялық орталығы басшысының орынбасары Максим Чебан мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігі кинологиялық орталығының мәліметінше, жалпы алғанда қызметтік иттердің қатысуымен 4000-нан астам қылмыс ашылған.

Олардың қатарында 50-ден астам кісі өлтіру, 15-тен астам қарақшылық, шамамен 1000 ұрлық және 1500-ге жуық есірткі қылмысы бар.

Ұлттық ұланда асыл тұқымды қызметтік иттердің қатары артып келеді

Сондай-ақ қызметтік иттердің көмегімен заңсыз айналымнан 12 тоннадан астам есірткі және прекурсорлар, сондай-ақ 700 келіден астам синтетикалық заттар тәркіленген.

Нұрболат АМАНБЕК 

 
Соңғы жаңалықтар