• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 12:52

Жазадан құтыла алмайды: Нұрай Серікбайды өлтірген күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды

90 рет
көрсетілді

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша күдіктінің жағдайы анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша айыпталушының ақыл-есі дұрыс деп танылған. Сондықтан ол заң алдында толық жауап бере алады.

Ведомство өкілінің сөзінше, қазіргі уақытта тергеу аяқталу сатысына жақын.

Айта кетейік, оқиға 11 қаңтар күні Шымкент қаласында болған. 21 жастағы Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан қаза тапқан.

Нұрай Серікбайдың ісі «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына өзгертілді

Бұған дейін күдіктінің психиатриялық клиникада болғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда соңғы сараптама оның психикалық жағдайы қалыпты екенін растады.

Соңғы жаңалықтар