• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 15:50

Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды

30 рет
көрсетілді

Соңғы жылдары елімізде ғылым мен жоғары білімді дамыту мақсатында жетекші шетелдік университеттермен серіктестік белсенді нығайып келеді. Осы орайда Алматыда халықаралық деңгейдегі Innotech университеті ресми түрде есік ашты. Бұл жоба Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа оқу орны Arizona State University (ASU) университетімен бірлесіп ашылып, Cintana Education альянсының құрамына енді. Университет бағдарламалары халықаралық стандарттарға сай әзірленген және жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, цифрлық бизнес бағыттарына басымдық береді.

Білім ордасының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл бастаманың стратегиялық маңызын атап өтті.

«Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанды өңірлік академиялық және зерттеу хабына айналдыру. Қазірдің өзінде елімізге 35 мыңнан астам шетелдік студент келіп отыр – бұл тарихи көрсеткіш. Ендігі міндет – осы әлеуетті күшейтіп, университеттерімізді оқыту моделінен зерттеуші форматқа көшіру. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда көп жоғары оқу орындары тек білім берумен шектеледі. Ал әлемдегі үздік университеттер – ғылым, инновация және технологияның орталығы. Сондықтан мұндай серіктестіктер арқылы біз нақты ғылыми жобаларды іске қосып, технология трансферін қамтамасыз етеміз», деді министр.

Оның айтуынша, бұған дейін де шетелдік университеттермен бірлескен жобалар оң нәтижесін беріп, жаңа материалдар өндіру, өнеркәсіпке қажет технологияларды енгізу бағытында нақты жұмыстар басталған.

Елордалық оқушы Гарвард университетіне оқуға түсті

Ашылу салтанатына келген АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт бұл жобаны екі ел арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі деп бағалады.

«InnoTech – Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестіктің жаңа белесі. Студенттер Алматыда отырып-ақ әлемдік деңгейде білім ала алады», деді ол.

Университет өкілдерінің айтуынша, Innotech-тің басты мақсаты – халықаралық стандартқа сай білім беріп қана қоймай, болашақта ірі ғылыми-академиялық экожүйенің бір бөлігіне айналу. Қазіргі City кампусымен қатар, алдағы уақытта ғылым қалашығында жаңа үлкен кампус салу жоспарланып отыр.

Оқу үдерісі толықтай ағылшын тілінде жүргізілмек. Талапкерлер ҰБТ нәтижесімен қатар, ағылшын тілін меңгеру деңгейі және жеке сұхбат арқылы іріктеледі. Сонымен бірге, грант бөлу мәселесі де қарастырылып жатыр.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов өз сөзінде ел студенттерінің үштен бірі білім алатын мегаполис ғылым мен инновация орталығы екенін айтып, аталған университет шаһардың инттеллектуалдық әлеуетін арттыруға оң ықпал ететініне сенім білдірді.

Q Education Group пен Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан университет қос дипломды бағдарламаларды ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде түлектерге халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік бермек.

С.Аманжолов университеті ғылымды дамытуға ерекше ден қойған

Сарапшылардың пікірінше, мұндай бастамалар елдің ғылыми әлеуетін күшейтіп, Орталық Азиядағы білім беру көшбасшыларының біріне айналуына жол ашады.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар