• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:32

Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді

30 рет
көрсетілді

Алматыда көптен бері ашылуы кейінге қалдырылып келген еліміздегі алғашқы крематорий ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нысанда чехиялық өндірістің заманауи пештері орнатылған. Крематорий директорының орынбасары Руфат Хасановтың айтуынша, олардың максималды температурасы 1100 градусқа дейін жетеді. Оның сөзінше, қондырғылар екі камерадан тұрады: біріншісінде жану процесі жүреді, ал екіншісінде органикалық заттар толық ыдырап, қауіпсіз биоорганикалық қалдықтарға айналады.

«Бірінші камерада жану кезінде ұшпа, кейде токсикалық заттар түзіледі. Бірақ екінші камерада олардың толық жойылуы жүреді. Нәтижесінде қоршаған ортаға қауіп төндірмейтін биоорганикалық қалдықтар қалады», деді Руфат Хасанов.

Алматыдағы крематорий жақын күндері жұмысын бастайды

Сондай-ақ ол крематорий пештері таңертеңнен бастап жұмыс істейтінін, алайда түтін байқалмайтынын атап өтті. Нысанда заманауи сүзгі жүйесі қарастырылған, сондықтан экологиялық қауіп болмайды деп сендірді.

Крематорий директоры Ардақ Әлішев қызметті алу тәртібі туралы да түсінік берді.

«Бірінші кезекте дәрігерлік қайтыс болу туралы куәлік қажет. Сондай-ақ нотариалды расталған жазбаша ерік білдіру және жеке басын куәландыратын құжаттар болуы тиіс», деді ол.

Аталған крематорий құрылысы туралы мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтеріліп, қоғамда қызу талғыға салынған.. 2022 жылы Алматы әкімдігі жобаның іске қосылуы кейінге шегерілгенін хабарлаған болатын. 2026 жылдың басында нысанның жақын күндері ашылатыны айтылса, кейін бұл мерзім қайта өзгерген еді.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар