Қырғыз Республикасының бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды. Бұл туралы оның адвокаты Икрамидин Айткулов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Адвокаттың айтуынша, экс-шенеунікке «билікті күшпен басып алу немесе ұстап тұру, сондай-ақ конституциялық құрылысты күшпен өзгерту әрекеттері» және «қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану» баптары бойынша айып тағылған. Әңгіме жеке пайда табу мақсатында немесе өзге де жеке мүдде үшін жасалған, жауапты қызмет атқарған тұлғаға қатысты әрекеттер жөнінде болып отыр.
Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді
Сотқа дейінгі тергеу аясында Қымшыбек Тәшиевке елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Оның адвокаты қорғауындағы азаматтың тағылған айыптарды мойындамайтынын айтты. Тергеуден кейін ол Ішкі істер министрлігінің ғимаратынан кешкі сағат 23:00 шамасында шыққан.
Бұл іс аясында Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Курманкул Зулушев пен экс-парламент спикері Нурланбек Тургунбек уулунің де аты аталады. Алайда олардың іс бойынша нақты мәртебесі әзірге белгісіз.
Айта кетейік, соңғы екі күн қатарынан бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалар Ішкі істер министрлігіне жауап алуға шақырылған. Ведомство бұл ақпаратты ресми түрде растаған да, жоққа шығарған да жоқ.
Жемқорлыққа қатысы бар: Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевтің ағасы ұсталды
Бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «75 хатқа» қатысты Қамшыбек Тәшиветің ықтимал қатысы бар-жоғын тергеу мен сот анықтауы тиіс екенін айтқан.