Алматыда қаскөйлер зейнеткерді ұрлап, баспанасын иемденбек болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
ІІМ мәліметінше, Алматыда 81 жастағы ер адамның жоғалғаны туралы оның танысы полицияға хабарлаған. Жедел іздестіру барысында қария қала маңындағы елді мекендердің бірінен табылды.
Тергеу дерегіне сәйкес, оны үш адам күштеп ұстап, үйін өз атына аударуға мәжбүрлемек болған. Күдікті ретінде екі ер адам мен бір әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.