• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 15:00

Қызылорда облысында 9 ай бойы қызды аңдыған жігіт жазасын алды

20 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласының тұрғыны жәбірленушінің өзімен байланыс орнатқысы келмейтінін біле тұра, тоғыз ай бойы мазасын алып, жүйелі түрде аңдыған, деп жазады Egemen.kz.

Жәбірленуші сотталушыға бірнеше рет өзін мазаламауды ескерткен. Сотталушы оның талаптарын елемей, әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы үздіксіз хабарламалар жолдап, жұмыс орны мен тұрғылықты мекенжайына барып, жүйелі түрде аңдып, байланыс орнату мақсатында психологиялық қысым көрсеткен.

Жәбірленушінің арызы негізінде құқық қорғау органдары тиісті шаралар қабылдап, сталкерге сот үкімімен 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Бұдан бөлек облыс аумағында сталкинг жасаған тағы 2 азаматты сот кінәлі деп танып,әрқайсысына осы мазмұнда жаза тағайындады.

Алматыда бұрынғы жұбайының ізіне түскен сталкерге үкім шықты

Айта кетейік, 2025 жылғы 16 шілдеден бастап Қылмыстық кодекске 115-1-бап енгізіліп, сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді.Аталған бапқа сәйкес адамды жүйелі түрде қудалау, үздіксіз қоңырау шалу, аңду және азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығын бұзатын өзге де әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады.

Терезеден сығалап, мазасын алған: Атырау облысында сталкинг туралы жаңа бап негізінде үкім шықты

Осы құқық бұзушылық үшін заңнамада екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, екі жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе елу тәулікке дейін қамау түріндегі жаза көзделген.

Соңғы жаңалықтар