Мәскеуде өткен химиядан Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушы жоғары нәтиже көрсетті. Қызылорда облысындағы «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған №9 лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арен Теңізбаев алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл – химия пәні бойынша әлемдегі ең беделді олимпиадалардың бірі саналатын байқаудың 60-шы, мерейтойлық кезеңі. Биыл жарысқа 37 елден 200-ге жуық оқушы қатысты.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.
500 команда білім жарыстырды
Бұл жетістік еліміздегі жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасының артып келе жатқанын және дарынды жастардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейді.
Қазақстанда халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 6,5 млн теңгеге дейін төленеді