• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:48

Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?

30 рет
көрсетілді

Астана қаласының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін жүйелі әрі өрескел бұзатын жүргізушілерге қатысты жауапкершіліктің қатаңдатылғанын мәлімдеді. Енді агрессивті жүргізу мен қауіпті маневр жасау тек айыппұлмен шектелмей, «ұсақ бұзақылық» ретінде бағаланып, жүргізушіні 15 тәулікке дейін қамауға алуға негіз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Прокуратураның мәліметінше, кейбір жүргізушілер үшін салынған айыппұлдар тиісті профилактикалық әсер етпей отыр. Сондықтан заң талаптарын саналы түрде елемейтін тұлғаларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) қолданыла бастады.

Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды

Бұл шара жылдамдықты байқаусызда бір рет асырғандарға емес, келесі әрекеттерді әдейі жасағандарға бағытталған:

Жолда агрессивті жүргізу стилін ұстанатындар; Қауіпті маневр жасап, өзгелердің өміріне қатер төндіретіндер; Өрескел заң бұзушылығын таспаға түсіріп, әлеуметтік желіде мақтан үшін жариялайтындар.

Астаналық полицейлер бейнекамера арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтады

Елорда прокуроры Ғабит Мұқановтың айтуынша, қасақана құқық бұзушыларды оқшаулауға байланысты шараларды қолдану агрессивті жүргізуге төзбеушілікті қалыптастыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.

Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады

Қазірдің өзінде елордада бірнеше жүргізуші осы бап бойынша жауапқа тартылған. Прокуратура барлық жол қозғалысына қатысушыларды өзара құрмет сақтауға және жолдағы қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік екенін ұмытпауға шақырады.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың соңына дейін тағы 16 ақылы жол учаскесінде жаңа талап енгізіліп, ереже бұзған жүргізушілерге айыппұл салынады. 

Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?

Соңғы жаңалықтар