• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әскер Бүгін, 17:17

Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды

30 рет
көрсетілді

Ұлттық ұланда үздік сарбаздар әскери қызмет барысында кіші сержант шенін иелене алады. Жаңа бастама – жас әскери қызметшілердің кәсіби өсуіне және қызметке деген ынтасын арттыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Кіші сержант Нұркелді Жайылхан – осы мүмкіндікті пайдаланған сарбаздардың бірі. Ол Ұлттық ұланның оқу орталығында арнайы дайындықтан өтіп, әскери шенге ие болды. Қазіргі уақытта Астана қаласындағы 5573 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүр.

Оқу орталығында алғаш рет білімі мен біліктілігін дәлелдеген үздік сарбаздарға кіші сержант шені табысталды. Іріктелген жауынгерлер оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, тағылымдамадан кейін жас сарбаздарды үйретеді. 

Ұлттық ұланның мәліметінше, бүгінде кіші сержанттар дабыл кезінде бөлімшені ұйымдастырып, жауынгерлік тапсырмаларды орындауға жетекшілік етеді. Сонымен қатар патрульдік топ бастығы ретінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысады. 

Жалпы, бұл мүмкіндік 30 сарбазға берілді. Бастаманың тиімділігі – сарбаздар әскери қызметтен кейін уақыт жоғалтпай, күштік құрылымдарда қызметті бірден кіші сержант шенінен бастай алады. 

Бұл жоба жас әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, олардың қызметке деген ынтасын едәуір күшейтті.

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды

Соңғы жаңалықтар