• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Кеше

Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті

20 рет
көрсетілді

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Mutua Madrid Open–2026 турнирінің екінші айналымына шықты. Ол алғашқы кездесуінде чехиялық Тереза Валентованы үш сетте жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірінші сетте екі теннисші де өз доп беру геймдерін сенімді өткізді. Алайда есеп 4:4 болған сәтте Путинцева брейк жасап партияны өз пайдасына шешті.

Екінші сетте тартыс күшейе түсті. Ойын барысында қарсыластар бір-бірінің доп беруін бірнеше рет бұзды. 4:5 есебінде Валентова шешуші брейк жасап, сетте жеңіске жетті.

Шешуші үшінші сетте Путинцева басымдыққа ие болып, матчты 6:3 есебімен аяқтады.

Енді келесі кезеңде қазақстандық теннисші Марта Костюкпен кездеседі. Бұған дейін олар бір рет ойнап, жеңіс Костюкке бұйырған еді.

Үстел теннисі: Кирилл Герасименко ел чемпионатында үш алтын еншіледі

Mutua Madrid Open – 2002 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлемдегі беделді жарыстардың бірі. Ол ATP-1000 және WTA-1000 санатына кіреді. Биылғы турнирде чемпиондық атақты Каспер Рууд пен Арина Соболенко қорғап жатыр.

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 9,6 миллион АҚШ долларынан асады.

Соңғы жаңалықтар