• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 12:35

Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды

Қарағанды облысында Балқаш көпбейінді ауруханасын ауқымды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жұмыстарды қаржыландыру Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайтарылған активтердің есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Балқаш, Приозерск қалаларының, Саяқ кентінің, сондай-ақ Шет және Ақтоғай аудандарының тұрғындары жаңартылған корпустарда диагностика мен ем алудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізді.

Аурухана 340 төсекке арналған және барлық дерлік бейінді бөлімшелерді қамтиды. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде негізгі ғимаратқа ауданы шамамен 1,4 мың шаршы метр болатын жаңа қосымша корпус салынды.

СҚО-дағы ауылға қайтарылған қаржы есебінен ауыз су құбыры тартылды

Мұнда қолданыстағы барлық стандарттарға сәйкес келетін заманауи қабылдау бөлімі орналастырылды. Пациенттердің ыңғайлылығы үшін жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызуға арналған бөлек кіреберістер қарастырылған. Бірінші қабатта екі операциялық бөлме – шұғыл операцияларға және жоғары технологиялық тері арқылы жасалатын араласуларға арналған операциялық бөлмелер ашылды. Онда жедел жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде коронарография мен стенттеу жүргізіледі.

«Пациенттерді диагностикалау және емдеу үшін қосымша жабдықтармен жарақталған заманауи монопландық ангиограф, магниттік-резонанстық және компьютерлік томографтар, MEDRAD Mark 7 Arterion инъекциялық жүйесі, нейрохирургиялық микроскоп және барлық қажетті медициналық бұйымдар сатып алынды», деді аурухана директоры Серікбол Түсүпбеков.

Кадрлық қамтамасыз ету тұрғысынан бүгінде мұнда шамамен 900 қызметкер, оның ішінде 150-ге жуық дәрігер жұмыс істейді.

Биыл ұжымға травматолог, екі сәулелік диагностика маманы және екі интервенциялық кардиолог қосылды. Резидентураны аяқтағаннан кейін уролог, хирург және терапевттерді қоса алғанда, тағы бірнеше маманның келуі күтілуде.

Қайтарылған қаржы аурухана құрылысына жұмсалды

Тораңғалық және Шұбартүбек курорттық кенттерінде медициналық пункттер жұмыс істейді. Оларға жергілікті тұрғындармен қатар туристер де жүгіне алады. Медициналық пункттер қажетті мамандармен және медициналық көмек көрсетуге арналған барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілген.

Соңғы жаңалықтар