• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экология Бүгін, 11:41

Каспий теңізінің деңгейі 21 метрге дейін төмендеуі мүмкін

30 рет
көрсетілді

Астанада өткен халықаралық экологиялық форум аясындағы панельдік сессияда Каспий теңізіне қатысты алаңдатарлық болжамдар айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тегеран конвенциясының уақытша хатшылығының үйлестірушісі Махир Алиевтің айтуынша, Каспий теңізінің деңгейі қарқынды түрде төмендеп барады. Кейбір ғылыми болжамдар бойынша, ғасыр соңына қарай теңіз деңгейі 8-21 метрге дейін түсуі мүмкін.

«Теңіз деңгейінің катастрофалық төмендеуі байқалып отыр. Бұл – назар аударуды қажет ететін өте алаңдатарлық мәселе», деді ол.

Тегеран конвенциясы – Каспий маңы мемлекеттері (Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан) арасындағы экологиялық ынтымақтастықты реттейтін көпжақты келісім. Құжатқа 2003 жылы 4 қарашада Тегеранда қол қойылған.

Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Мамандардың айтуынша, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі тек экожүйеге ғана емес, балық шаруашылығы, көлік логистикасы және жағалау инфрақұрылымына да елеулі қауіп төндіруі мүмкін.

Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды

Соңғы жаңалықтар