Президент • Бүгін, 13:34

Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысының қоғамда кең қолдау тапқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес

Мемлекет басшысының  бұл бастаманың негізгі мақсаты – экологиялық сананы қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру екендігіне баса мән беріп өтті.

Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі

«Бұдан бөлек, біз «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысына бастамашы болдық. Халықтық сипат алған науқанның мақсаты – экологиялық сана қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру. Қозғалысқа миллиондаған ерікті қосылды. Менің ойымша, олар – Қазақстанның нағыз патриоттары. Өйткені дәл осылай еңбек етіп, ортақ мүддеге үлес қосу – елінің келешегін ойлайтын азаматтардың ғана қолынан келетін ізгі іс. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен биыл Халықаралық еріктілер жылы деп жарияланды. Тұрақты даму мүддесіне сай келетін бұл бастаманы толық қолдаймыз. Еліміздің жаңа Ата заңында волонтерлік қызметке айрықша мән беріліп, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіні нақты жазылған», деді Президент. 

Президент: Жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ сипатта өрбуге тиіс

Сондай-ақ Мемлекет басшысы биыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын, жасанды интеллект технологиялары экологиялық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаратынын айтты.

«Биыл – Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес екені анық. Аталған технология табиғи ресурстарды қорғау, экологиялық басқаруды жетілдіру ісінде мол мүмкіндікке жол ашады. Сондықтан біз Аймақтық цифрлық экожүйе құру бастамасын қолдауға әзірміз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар