• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 11:34

Бірнеше өңірде республикалық маңызы бар жолдар уақытша жабылды

40 рет
көрсетілді

17 сәуір күні «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау және Қарағанды облыстары

Сағат 07:30-дан бастап «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 433-788 шақырым аралығындағы учаскесі (Жезқазған қаласы мен Қарағанды облысы шекарасы арасындағы бөлік) уақытша жабылды. Жол қозғалысын қалпына келтірудің болжамды уақыты 11:30-ға бекітілген.

Абай облысы

Сағат 09:00-ден бастап Абай облысындағы бірнеше республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс уақытша шектелді.

 Атап айтқанда:

«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 756-906 км аралығы; «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 778-967 км және 971-1013 км аралықтары; «Өскемен – Семей» автожолының 103-198 км аралығы.

Аталған учаскелер бойынша қозғалыстың ашылуы 14:00-15:00 аралығына жоспарланған.

Жаңбыр, дауыл, тұман: Елімізде ауа райы күрт құбылады

Шығыс Қазақстан облысы

Сағат 09:00-де Шығыс Қазақстан облысында да бірқатар жол учаскелері жабылды. Олардың қатарында:

«Өскемен – Семей» автожолының 12-45 км және 48-103 км аралықтары; «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолы (0-105 км); «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» автожолы (7-166 км); «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1089-1191 км және 1013-1062 км аралықтары.

Аталған бағыттар бойынша қозғалыстың ашылуы шамамен 14:00-ге жоспарланған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты «ҚазАвтоЖол» АҚ жүргізушілерден жолға шығар алдында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар