• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:29

Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

40 рет
көрсетілді

Қытайдың Ордос қаласында дзюдодан өткен Азия чемпионатының екінші жарыс күні Қазақстан жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалықпен аяқталды, деп жазады Egemen.kz.

81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әділет Алмат құрлық додасының жеңімпазы атанды.

Финалда отандасымыз Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековпен белдесті. Тартысты өткен кездесуде Әділет Алмат қарсыласын ауырту әдісімен айқын жеңіп, алтын медальді иеленді.

Еуропа кубогы: Қазақстан дзюдодан алтын медаль жеңіп алды

Бұл – Қазақстан балуанының ересектер арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. Бұған дейін ол 2023 жылы жастар арасында Азия чемпионы атанып, болашағынан зор үміт күттірген еді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапынан соңғы рет 2022 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында Данияр Шамшаев топ жарған болатын. Енді бұл жетістікті Әділет Алмат жалғастырып отыр.

Екі дзюдошымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Соңғы жаңалықтар