• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 21:29

Шымкентте жедел жәрдемге жол ашатын ақылды бағдаршамдар іске қосылды

Шымкент қаласында жедел жәрдем көлігі шақыртуға бара жатқан кезде оның бағыты бойынша орналасқан бағдаршамдар автоматты түрде жасыл түске ауысады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл мүмкіндікті интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) қамтамасыз етеді.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта жедел жәрдемнің 5 реанимобиль көлігі арнайы трекерлермен жабдықталған. Ал ITS жүйесі қаладағы 354 бағдаршамды қамтып отыр.

Жаңа жүйе жедел жәрдем көліктерінің жолдағы кідірісін азайтып, науқастарға дер кезінде жетуіне мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар