• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 16:40

Маңғыстауда заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді

50 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында тұрғындардың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Тегін заң көмегі» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара халыққа сапалы құқықтық қызмет көрсетіп, құқықтық сауаттылықты күшейтуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Акция «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында облыстық Әділет департаментінің бастамасымен өтті. Оған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өңірлік филиалы мен облыс әкімдігі қолдау көрсетті.

Шараның негізгі мақсаты – азаматтарға қолжетімді әрі кәсіби құқықтық кеңес беру, құқықтарын қорғаудың тиімді жолдарын түсіндіру және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар тұрғындардың күнделікті өмірде кездесетін құқықтық мәселелерін шешуге нақты көмек көрсетуге басымдық берілді.

Іс-шараға Әділет департаментінің басшысы А. Кәрімов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыстық филиалы басшылығы, сондай-ақ заң қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар мен заң консультанттары азаматтарға тегін кеңес берді.

Акция барысында әртүрлі құқық салалары бойынша сұрақтарға нақты түсіндірмелер ұсынылып, тұрғындарға жедел құқықтық көмек көрсетілді. Бұл бастама халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға және құқықтық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге ықпал етті.

Ертең заңгерлер қазақстандықтарға тегін кеңес береді

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде өңірде құқықтық инфрақұрылым да дамып келеді. Бүгінде облыс бойынша 50-ге жуық елді мекенде құқықтық кабинеттер ашылған. Олар ауылдық округ әкімдіктерінің ғимараттарында орналасып, заманауи техникалық құралдармен жабдықталған.

Аталған кабинеттер арқылы тұрғындар «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ eGov, e-Өтініш, «Ашық НҚА» платформаларына қол жеткізе алады.

Бұл мүмкіндік әсіресе шалғай ауылдарда тұратын және әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын азаматтар үшін маңызды. Құқықтық кабинеттер халықтың құқықтық сауатын арттырып, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге жол ашып отыр.

Жалпы, Маңғыстау облысы Әділет департаменті азаматтардың құқықтық көмекке сұранысын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Мемлекеттік органдар мен заң қауымдастықтарымен бірлескен бұл бастамалар алдағы уақытта да жалғасып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қызмет етпек.

Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды

Соңғы жаңалықтар