• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:13

Жазда жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады

20 рет
көрсетілді

2026 жылдың жаз маусымында жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады. Енді ел азаматтарының Грузия мен Моңғолия елдеріне қатынауы одан әрі жеңілдей түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, FlyArystan әуе компаниясы 6 маусымнан бастап Ақтау – Батуми бағыты бойынша тікелей рейстерді ашады. Рейстер 19 тамызға дейін аптасына екі рет, сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу кестесіне сәйкес, жергілікті уақыт бойынша Ақтаудан ұшақ 09:05-те, ал кері бағыттағы рейс 10:55-те ұшады. Билеттер құны Ақтаудан Батумиге 41 340 теңгеден, кері бағытта 44 343 теңгеден басталады.

Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге миллиардтар бөлді

Сонымен қатар SCAT әуе компаниясы 2 маусымнан бастап Астана – Ұлан-Батор бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосады. Рейстер Қазақстаннан сейсенбі және жұма күндері, ал кері бағытта сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Билет бағасы Астанадан Ұлан-Баторға 96 562 теңгеден, кері бағытта 104 297 теңгеден басталады.

Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді

Жаңа бағыттар елдің халықаралық әуе қатынасын кеңейтіп, туризм мен іскерлік байланыстардың дамуына ықпал етеді.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар