• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:33

Алматыда 400-ден астам компания құрылыс лицензияларын заңсыз алған

10 рет
көрсетілді

Алматыда 400-ден астам компания сәулет және құрылыс саласында І санатты лицензияларды заңсыз алған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2021 жылдан бері бір топ адам прокуратураның үйлестіруімен «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне әдейі жалған мәліметтер енгізіп келген. Олар Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерімен сөз байласып, өздеріне тиесілі компаниялар арқылы өндірістік базалар, арнайы техника және білікті инженерлік қызметкерлер бар деген жалған деректер ұсынған.

Алайда бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмеген. Соның нәтижесінде қолданыстағы талаптарды айналып өтіп, 400-ден астам заңды тұлға заңсыз түрде І санатты лицензия алған.

Тінту барысында заңсыз әрекеттерді дәлелдейтін құжаттар мен заттар тәркіленген. Мұндай «қызмет» үшін ұйымдастырушылар 2 млн-нан 5 млн теңгеге дейін ақша алып отырған.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Ақмола облысында жалған құжат жасамақ болған күдікті ұсталды

Соңғы жаңалықтар