Соңғы жылдары Қазақстанда білікті мамандардың шетелге кету қарқыны баяулаған. 2025 жылы кәсіби білімі бар 7,9 мың адам елге келсе, 3,6 мың адам шетелге қоныс аударған. Осылайша таза өсім 4,2 мың адамды құрады, деп жазады Egemen.kz.
Сонымен қатар Өзбекстаннан келетін миграциялық өсім артқан. Соңғы екі жылда бұл елмен арадағы оң сальдо жылына шамамен 12 мың адамға жетті.
Шетелге кетудің негізгі себептері неде?
Алайда сарапшылардың айтуынша, жалпы статистиканың жақсаруы білікті кадр тапшылығы шешілді дегенді білдірмейді. 2021-2025 жылдары кәсіби мамандар арасындағы жиынтық өсім небәрі 374 адам болған.
Ең үлкен шығын техникалық мамандар арасында тіркелді. Соңғы бес жылда елден кеткен инженерлік және техникалық кадрлар саны келгендерден 2,1 мың адамға көп болған. Сонымен қатар экономистер, педагогтер мен медицина қызметкерлері арасында да теріс көрсеткіш сақталған.
Сарапшылар Қазақстан әлі де жоғары білікті мамандар үшін толық тартымды елге айнала алмағанын айтады. Табыс деңгейі, мансаптық мүмкіндік, ғылыми орта мен білім сапасы бойынша дамыған елдермен айырмашылық сақталып отырғандықтан, «ми ағымы» мәселесі өзекті күйінде қалып отыр.