«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы мәлімет берді. 2026 жылғы 27 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша бірқатар бағыттарда қозғалысқа шектеу енгізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында
«Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-30 шақырым аралығында (Тимирязево ауылы – Қостанай облысының шекарасы учаскесі) қозғалыс шектелді.
Павлодар облысында
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында («Қалқаман» жолайрығынан Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығаберіс аралығы) қозғалысқа шектеу қойылды.
Шығыс Қазақстан облысында
Таулы аймақтардағы күрделі ауа райына байланысты Осинов асуында (46-66 шақырым, Северный ауылы бұрылысы – Серебрянск қаласына бұрылыс аралығы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды.
Еске сала кетейік, синоптиктер 27 наурыз күні Астана қаласы мен еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын. Жүргізушілерге жолда аса сақ болу және ауа райы жағдайын ескеру ұсынылады.