• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 19:45

Әсет Матаевке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

10 рет
көрсетілді

КазТАГ бас директоры Асeт Матаевқа қатысты ҚР ҚК-нің 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша қылмыстық іс тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz. 

ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаевқа қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылды. Бұл туралы адвокат Рена Керимова мәлімдеді. Әңгіме көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделген бап туралы болып отыр.

«Жақсы жаңалық та бар. Әсет Матаевқа қатысты ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылды», деді адвокат.

Керимова Матаевтың ұсталуына әкелген оқиғаға қатысты мән-жайды да айтып берді. Оның сөзінше, жанжал түсінбеушіліктен шыққан.

«Әсеттің досы жігіттердің бірін қызбен шатастырып алған. Менің түсінуімше, жанжал да содан шыққан. Расында да, әлгі жігіттің түр-сипаты өзгеше болған: ұзын жирен шаш, жирен қас, мойнындағы шынжырлар және тағы басқа. Түнгі сағат екілер шамасында, досымен отырып шыққаннан кейін, үстіне қараңғыда арт жағынан көрсең, шатастырып алу оңай», деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін ҚазТАГ ақпарат агенттігінің директоры Әсет Матаев ұсталғанын хабарлаған едік. Бұған қатысты Алматы полиция департаменті түсінік берді

Соңғы жаңалықтар