• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 20:20

Елімізде Конституция есімді қанша адам бар?

40 рет
көрсетілді

Қазақстанда Конституция есімі берілген 1 адам тұрады. Сондай-ақ Атазаң және Заң есімді азаматтар да бар, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде Дауыс есімін иеленген 2 адам тұрады.

Елімізде әсіресе сайлауға байланысты есімдер көп қойылған. Мәселен, Сайлау есімі 2003 адамға қойылған, олардың жартысына жуығы 50 жастан асқандар. Бұл есімді азаматтардың көпшілігі Астана қаласында тұрады – 166 адам.

Қазақстанда референдумға арналған сайлау учаскелері жабылды

Сондай-ақ әйелдер арасында Сайлаугүл есімді 24 адам болса, Сайлаубек есімін 1197 адам иеленген.

Айта кетейік, бұған дейін Тараз қаласында «Конституция» есімді тұрғын референдумда дауыс берді. 

 

 
Соңғы жаңалықтар