Жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумда дауыс беру жалғасып жатыр. Жазушылар, актерлер, әншілер және өнер саласының басқа да қайраткерлері референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олардың қатарында қоғам қайраткері, композитор Алтынбек Қоразбаев, актер Ерлан Малаев, өнер иесі Ерболат Төлеген, сондай-ақ театр актері Жомарт Зейнабіл бар.
Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылды
Еске сала кетейік, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева алғашқылардың бірі болып ел болашағы үшін өз таңдауын жасады. Әнші референдумның маңыздылығын атап өтіп, азаматтарды белсенді болуға шақырды.
«15 наурыз – еліміз үшін маңызды күн. Келіп, өз таңдауларыңызды жасаңыздар», деді ол.
Сонымен қатар өз азаматтық ұстанымдарын белгілі актерлер отбасы – Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова, актер Тұңғышбай Әл-Тарази, жазушы Мұрат Дүйсенбаев, Қазақстанның халық әртісі Айгүл Үлкенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, артист Марал Анарбек, сондай-ақ жазушы әрі қоғам қайраткері Смағұл Елубаев та білдірді.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өз таңдауын жасады
Мәдениет және өнер қайраткерлерінің айтуынша, бұл тек заң қабылдау рәсімі ғана емес, қоғамның дамуына, ұлттық құндылықтарды нығайтуға және мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Өнер өкілдері әрбір азаматтың белсенді қатысуы елдің болашағын бірлесіп қалыптастырудың маңызды көрінісі екенін атап өтті.
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: Қатысушылар қандай тақырыптарды талқылады?