• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 14:06

Әзербайжандық бақылаушы референдумға оң баға берді

30 рет
көрсетілді

Бүгін Астана опера театрында Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Магоммед оглы Панахов елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумға қатысты пікірін білдірді. Спикердің айтуынша әзербайжандық бақылаушылар елуге жуық сайлау учаскесінде болып, референдумға келген халықтың белсенділігін байқаған, деп жазады Egemen.kz.

Әзербайжаннан жиырмадан астам бақылаушы келген. Делегация құрамында парламент мүшелері, Орталық сайлау комиссиясының мамандары мен Әзербайжанның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері бар. Олар таңертеңнен бастап әртүрлі сайлау учаскелеріне бөлініп, референдум барысын қадағалап отыр.

«Бүгін шамамен елуге жуық сайлау учаскесінде болдым. Кеш батқанша Әзербайжан делегациясының өкілдері бақылау жүргізіп жатқан барлық учаскелерді аралап, қандай да бір заң бұзушылық немесе проблемалар бар-жоғын сұрап шығамын. Қазірге ондай олқылықтар орын алған жоқ. Жалпы алғанда, шүкір, референдум қалыпты түрде өтіп жатыр. Тіпті ауа райының салқындығына қарамастан, сайлаушылардың белсенділігі байқалады. Міне, өздеріңіз де кезегін күткен азаматтарды көзбен көріп отырсыздар», деді Мазахир Панахов.

Сондай-ақ, спикер өз сөзінде бұған дейін де Қазақстанда өткен сайлауларға бақылаушы болғанын, әр сайлау сайын қазақ елі оң өзгерістерге нық қадам басып келе жатқанын айтты.

«Халық өз елінің болашағына деген жауапкершілігін толық сезінетінін байқадым. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері өз кәсіби деңгейлерін көрсетіп, өте ауқымды және ауыр жұмысты құлшыныспен атқарып жатыр. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы дамыған Еуропа мен АҚШ елдерінде қолданылып жүрген барлық заманауи әдістерді еркін пайдалануда. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі, нашар көретін, естімейтін және жүріп-тұруында қиындықтары бар азаматтарға қажетті жағдайдың бәрін жасап беріп отыр», деді өз сөзінде.  

Ваагн Овакимян: Қазақстан халқының ауызбіршілігіне тәнті болдым

Әзербайжандық бақылаушы биылғы референдумның тағы бір ерекшелігі ретінде сайлау учаскелерінде аудиожүйенің іске қосылуын айтты.

«Егер дауыс беруге құқылы азамат референдумның мәнін білгісі келсе, яки мазалаған басқа да сұрақтары болса, ол арнайы орнатылған аудио-жүйе арқылы өзіне қажетті ақпаратты ала алады. Бұл жүйе сайлауда кәсіби бақылаушы болып келе жатқан мамандарға да өте пайдалы болары сөзсіз. Сондықтан да Қазақстандағы референдум барысын бақылауға келген 350-ден астам халықаралық бақылаушылар бұл жүйеге оң баға беріп отыр», деді Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Бахтиёр Худоёрзода: Азаматтардың белсенділігі жоғары екенін көріп отырмыз

Сөз соңында түбі бір туыстас елдің өкілі біз тәуелсіздік алғалы Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясымен тығыз байланыс орнатқанын атап өтті. 

«Екі ел әрдайым бір-бірімен өз тәжірибесін бөлісіп келеді. Тіпті, басқа елдердегі сайлауларды бақылайтын кезде де стандарттарымыз бен тәжірибемізді ортаға саламыз. Ал, бүгінгі референдумға қатысты айтарым, жыл санап сайлау учаскелеріндегі кәсіби деңгей артып келеді, барлық учаскелерде қала, ауыл демей сайлаушылардың құқықтары бірдей қамтамасыз етілген. Интерьер әр учаскеде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ бастысы бізді сайлаушылардың құқының теңдігі, көңіл күйінің көтеріңкі екені қуантады», деп түйіндеді өз сөзін.

Соңғы жаңалықтар