Референдумда дауыс бергеннен кейін Мемлекет басшысы журналистерге арналған брифинг өткізіп, сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Брифингте журналистердің бірі «Президент мырза, жаңа Конституция жобасын екі-үш сөзбен сипаттап бере аласыз ба?» деген сұрақ қойды.
«Бұл – заң мен тәртіп үстемдік құратын Әділетті Қазақстанның Конституциясы, болашаққа бағдарланған құжат. Ата заң алдымен жастарға арналған, яғни жас буынның темірқазығы болуға тиіс. Жаңа Ата заңның мақсаты – осы. Қазақстан прогрессивті, заманауи мемлекетке айналуы керек. Бұл – біздің алдымызда тұрған ең басты міндет», деді Мемлекет басшысы.
Вице-Президент лауазымы не үшін қажет? Мемлекет басшысы жауап берді