• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 12:33

Атыраудағы «Теңіз» кен орнында 10 мыңнан астам адам дауыс беріп жатыр

60 рет
көрсетілді

Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнында бір вахтада 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың дауыс беруі үшін 6 орында 8 уақытша дауыс беру учаскесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Теңізшевройл» ЖШС жұртшылықпен және үкіметпен байланыс бөлімінің бас менеджері Нұрмұхамед Қартабаевтың айтуынша, кен орнында референдумда дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған. Сайлау комиссияларымен бірлесіп кен орны аумағында уақытша дауыс беру учаскелері ұйымдастырылды.

ІІМ: Референдум кезінде елдегі жағдай полицияның толық бақылауына алынған

«Референдумда дауыс беруге келіп тұрмын. Бұл – ел үшін маңызды оқиға. Вахтада жүрсек те, дауыс бере алатынымыз қуантады Дауыс беру учаскелері жұмыс істейтін орынға жақын орналасқан. Жұмысшыларды тасымалдайтын көлік бар», дейді компания қызметкері Нұрсұлтан Ізбасқанов.

Қостанай облысының әкімі дауыс берді

Соңғы жаңалықтар