• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 11:28

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелері референдумда өз таңдауын жасады

10 рет
көрсетілді

Бокстан еліміздің ұлттық құрамасы Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Алма Тау» спорттық базасында бокстан оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дайындық барысында ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан да тыс қалмаған әлемге танымал боксшылар Төлеби ауданына қарасты Ақбастау ауылындағы №760 референдум учаскесіне арнайы келіп, азаматтық борыштарын орындап, өз таңдауларын жасады.

Референдум: Еліміздің чемпиондары өз таңдауын жасады

Ұлттық құрама сапындағы ағалы-інілі Айбек, Нұрбек Оралбай, Махмуд пен Төрехан Сабырхандармен қатар Сағындық Тоғамбай, Нұрлан, Даниял Сапарбай және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы сынды боксшылар мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азаматтың белсенділігі аса маңызды екенін танытты.

Өңір тұрғындары референдумға белсене қатысып жатыр

Айта кетелік, Төлеби ауданы аумағында 69 референдум учаскесі бар, 69 358 азамат дауыс беру құқығына ие.

 

Соңғы жаңалықтар