Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков республикалық референдумға қатысып, өз дауысын берді. Мегаполис басшысы «Түркістан» сарайында орналасқан №231 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала әкімі учаскеге таңертең келіп, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес дауыс беру рәсіміне қатысты. Сайлау комиссиясының мүшелері оған бюллетень табыстап содан кейін әкім өз таңдауын жасады, бюллетеньді дауыс беру жәшігіне салды.
Ақтөбе облысындағы референдум учаскелерінде заңбұзушылық тіркелген жоқ
Айта кетейік, бүгін еліміздің барлық өңірінде республикалық референдум өтуде. Сайлау учаскелері таңертеңнен бастап ашылып, азаматтарды күні бойы қабылдауда. Ел тұрғындары жалпыұлттық талқылауға ұсынылған мәселе бойынша дауыс беріп жатыр.
Референдум – азаматтардың тікелей ерік білдіруінің бір түрі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізіледі. Дауыс беруге сайлау құқығына ие барлық азамат қатыса алады.
Бүгін Маңғыстау облысында автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды