• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 09:51

Шиеліде даңқты диқанның 9 келіні дауыс берді

20 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының Шиелі ауданында екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, атақты диқан Ыбырай Жақаев ұрпақтары да референдумға қатысып, дауыс берді. Кәдімгі қарапайым кетпенмен-ақ егінін баптап, еңбекқорлықтың символына айналған даңғайыр диқан ұрпақтары осылайша азаматтық жауапкершілік танытты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Диқан ұрпақтары учаскеге алғашқылар қатарында келіп, елдің стратегиялық бағытын айқындауға үлес қосты.

«Барлық азамат маңызды сәтте бейжайлық танытпай, таңдау жасағаны жөн», дейді олар.

Әйгілі әулеттің 9 келіні қатарласа дауыс берген сәт көпшілікті сүйсінтті.

Қостанайда референдум учаскесіне Қыдыр ата келіп, тұрғындарға бата берді

«Дала академигі» атанған әйгілі диқан ұрпақтарының бұл үлгісі елдің даму жолындағы белсенді азаматтық ұстанымның нақты көрінісі болды.

Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде «Әжелер хоры» ән айтты

Соңғы жаңалықтар