• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 08:48

Білім саласын жетілдірудің басымдықтары белгіленді

10 рет
көрсетілді

Астанада Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент депутаттары, Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, сондай-ақ салалық қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, өңірлік білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен педагогтер қатысты.

Отырыс барысында Аида Балаева білім беру қоғамның аса маңызды бағыты екеніне тоқталды. Жаңа Конституция жобасында білім саласының мәні айқындалып, маңыз­ды құндылық ретінде көрініс тапқанын атап өтті. Сонымен қатар Премьер-министр орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын «Қазақстан балалары» тұжырымдама­сы қабылданғанын тілге ­тиек етті. Бұл құжат елдегі әрбір баланы қамтып, қауіп­сіздікке, сапалы бі­лім­ге, денсаулыққа, отба­сына және әлеуметтік қор­ғауға қатысты негізгі мем­л­екеттік шараларды бір­ыңғай жүйеге біріктіреді.

Жиында білім сала­сындағы жетістіктер де аталды. Қазақстан әлемдегі халық санына шаққанда оқушылары ең көп 10 елдің қатарына енген. Сонымен бірге алқалы жиында саладағы өзекті мәселелер де қозғалды. Осы орайда Аида Балаева мектепке дейінгі және бас­тауыш білімнің сапасын арттыруды тапсырды. Мектеп оқулықтарына талдау жүргізіп, оларды балалардың жас ерек­шелігіне сай әзір­леу керектігін және педагог­тердің біліктілігін арттыру қажеттігін атап өтті. Аида Балаеваның пікірінше, балаларға баса назар аударып, олардың сыни ойлау қабілетін дамыту және алған білімін тәжірибеде қол­дану дағдысын қа­лып­тастыру – негізгі міндет.

Жиында педагогтердің ЖИ технологияларын меңгеруі мәселесіне ден қойылып, мұғалімдерді қайта даярлау қажеттігі де қозғалды. Осыған бай­ланысты барлық бейінді педагогикалық жоға­ры оқу орындарында жа­санды интеллект факуль­теттерін ашу тапсырылды.

Бұдан бөлек вице-премьер техникалық және кәсіптік білім жүйесін де қайта қарау қажеттігін мәлімдеді. Атап айтсақ, қар­жыландыру тетігін же­тіл­­діру, еңбек нарығын жү­йе­лі зерттеу және дуаль­ды оқыту үлгісін енгізу бо­йынша шұғыл шара­лар қабылдау тапсырылды.

Алқа отырысында инклю­зивті білім мәсе­лесі де айрықша ата­лып өтті. Үкімет басшы­сы­ның орынбасары ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуға барлық жағдай жасалуы керектігін ерекше атап өтті. Кадр тапшылығын шешу мақсатында бейінді кафедралар ашу, инклюзия бойынша міндетті пәндерді енгізу және педагогтерді қайта даяр­лау бағдарламаларын әзірлеу жөнінде нақты тап­сыр­малар берілді.

Сонымен қатар Премьер-министр орын­ба­сары Оқу-ағарту ми­нистр­лігіне қолданыстағы оқулықтарды іріктеу тәсіл­дерін шұғыл түрде қайта қарап, оларды әзірлеу мен сараптау сапасын арттыруды тапсырды.

Аида Балаева тәрбие мен идеологиялық жұ­мысты күшейту мәсе­лесіне де арнайы тоқ­тал­ды. Бұл бағыттағы жұмыс­тар Президент бекіт­кен Ішкі саясаттың негіз­гі қағидаттары мен құн­дылықтарына негізделуге тиіс екені аталып өтті.

Жиын барысында Жұлдыз Сүлейменова баян­­дама жасады. Оқу-ағарту министрі саладағы өт­кен жылғы қызмет қоры­тын­дысына тоқ­талып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттарды таныстырды. 

Соңғы жаңалықтар