Ішкі істер министрлігі Атырау қалалық полиция басқармасының басшысы мен Атырау облысы Полиция департаментіне қарасты екі басқарманың жетекшісі қызметінен шеттетілгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметі ІІМ аумақтық бөлімшелердің қызметіне тұрақты түрде жоспарлы қызметтік тексерулер жүргізетінін мәлімдеді.
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
«Қызметтік-әскери тәртіптің өрескел бұзылуы, тиісті бақылаудың болмауы және жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктер анықталуына байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қалалық полиция басқармасының басшысы, сондай-ақ Атырау облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен есірткі құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары қызметтерінен шеттетілді», делінген министрлік хабарламасында.
Ішкі істер министрі бұған дейін де ведомство ішінде заңдылық пен қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету бағытында қатаң әрі қағидатты жұмыс жүргізіліп жатқанын бірнеше рет атап өткен болатын.
Ішкі істер министрлігі: Полиция қызметкерлеріне күш қолданған барлық тұлғалар қамауға алынды
Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі әрі кезең-кезеңімен жалғасады.