Биыл маусым мен тамыз аралығында Алматы – Балқаш – Алматы бағыты бойынша тікелей әуе рейсі іске қосылады. Әуе рейсін аптасына бес рет SCAT Airlines әуе компаниясы орындайды, деп жазады Egemen.kz.
Аталған бағытта 50 жолаушыға дейін сыятын CRJ 200 әуе кемелері пайдаланылады. Ал әуе билеттерінің құны – 16 мың теңге.
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Сонымен қатар, осы кезеңде Астана – Балқаш – Астана бағыты бойынша күн сайын әуе рейсі орындалады. Тасымалдаушы ретінде Qazaq Air әуе компаниясы қызмет көрсетеді. Бұл бағытта 78-ден 86 жолаушы сыятын Bombardier Q-400 ұшақтары қолданылады. Аталған әуе рейсінде де бір бағыттағы билет құны – 16 000 теңге.
Ташкент – Атырау бағытында жаңа әуе рейсі ашылады
Аталған екі бағыт та мемлекет тарапынан субсидияланады.