• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 08:13

Реформалардың мән-жайын түсіндірді

0 рет
көрсетілді

Қазір сенаторлар еліміздің барлық өңірінде кездесулер өткізіп жатыр. Шалғайда жатқан ауылдық елді мекендерге де ат басын бұрды.

Сенат депутаттары Дархан Қыдырәлі мен Бибігүл Жек­сен­бай елор­дада Ұлттық мұрағат ұжы­мымен кездесіп, жаңа Конс­титуция жоба­сының қоғам үшін маңызын талқы­лады. Атап айт­қанда, Ата заңдағы өзге­рістер аза­маттардың құқық­тарын қорғау, дербес дерек­тер­дің қауіпсіздігі, әділдік пен жауап­кершілікті қамта­масыз етудегі мемлекеттің рөліне қалай әсер ететінін айтты.

«Мұрағат ісін цифрландыру, деректер базасын дамыту, құ­жаттар­дың сақталуы мен қол­жетімділігін қамтамасыз ету – бұл құқықтық мемлекет пен елі­міздің ақпараттық қауіпсіздігін ны­ғайтуға үлес қосады», деді Д.Қыдырәлі.

Ал депутат Евгений Боль­герт Ұлттық ғылыми онко­логиялық орта­лықтың ұжы­мымен кездесті. Онда сенатор медициналық көмек құқығын бекітетін жаңа Конс­титуция жобасының 32-бабына тоқталды. Е.Больгерттің ай­туынша, норманың жаңа редак­­циясы заңды түрде дәлі­рек әрі жүйелі, ал мемлекет денсау­лық сақтау саласындағы міндет­те­ме­лерін сақтап, одан әрі күшейтеді.

Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Сұлтанбек Мәке­жанов, Нурия Ниязова мен Жан­на Асанова әлеуметтік сала өкіл­дерімен бірқатар кез­десу өт­кізді. Олар сала қызмет­кер­лерімен бірге денсаулық сақ­тау, білім беру мен халықты әлеу­мет­тік қолдау мәселелерін талқы­лады.

Әлішер Сатвалдиев Шым­кент қаласында №107 жалпы орта білім беру мектебінің ұжы­мымен кездесті. Сенатор жаңа Конституция жобасында ұсы­нылған өзгерістер сая­си жүйені жаңғыртуға, азамат­тардың құ­қық­тары мен бостан­дықтарын қор­ғауды күшейтуге, сондай-ақ әділетті қоғамды қа­лыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Сенаторлар Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Күзиев Алматы облы­сы­ның Іле ауда­нындағы «Алатау Жарық» АҚ еңбек ұжымымен, ал Сұл­­тан Дүйсембинов Жам­был ауда­ны­ның Б.Қыдыр­бекұлы атын­дағы ауыл тұр­ғындарымен, сон­дай-ақ Қо­наев қаласындағы ЖЭО ұжы­мымен кездесті. Сена­тор еге­мендік, тәуелсіздік, мем­ле­кеттің біртұтас сипаты, аумақ­тық тұтастық және басқару ныса­нының өзгермейтіндігін бекіту мәселелерін айтып берді.

Сонымен қатар Амангел­ді Есбай мен Ғалиасқар Сары­баев – Жетісу, Мұрат Қадыр­­бек – Түр­кістан, Шәкәрім Бұқ­тұ­ғұ­­тов пен Ольга Булавкина – Шығыс Қазақстан, Ләз­зат Рысбекова – Батыс Қазақ­стан, Сүйіндік Алдашев пен Бек­бол Орынбасаров – Маңғыс­тау, Әлібек Нәутиев пен Сағындық Лұқпанов – Атырау, Амангелді Нұғманов – Ақтөбе, Серік Өтешов пен Советбек Меде­баев Қарағанды облысының тұрғын­дарымен кездесіп, елдегі реформалардың мән-жайын мәлімдеп берді, халықтың көкейде жүрген мәселелерін де жинақтап қайтты.

Соңғы жаңалықтар