7 коллекторлық агенттікте жалпы сомасы 11,8 миллиард теңгеге кірістерді асыра көрсету фактілері анықталған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствоның мәліметінше, төленбеген қосылған құн салығы (ҚҚС) 128 миллион теңгені құраған. ҚҚС бойынша есепке тіркелмегені үшін салық төлемегендерге 1,6 миллион теңге көлемінде айыппұл есептелген.
Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 93 миллион теңге табыс тапқан
«Бұдан бөлек, ұқсас белгілері бар тағы 15 салық төлеуші анықталды. Оларда кірістерді асыра көрсету көлемі 61,6 миллиард теңгеге, ал болжамды төленбеген ҚҚС сомасы 7,4 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша тексеру жұмыстары жалғасып жатыр», делінген хабарламада.
Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі 58 миллион теңге жымқырған
Комитет мәліметіне сәйкес, жекелеген коллекторлық агенттіктер салық салынатын табысты төмендету схемаларын қолданған. Атап айтқанда, агенттіктер банктерден берешекті номиналдық құнынан төмен бағада сатып алып, кейін борышкерлерден өндіріп алынған қаражатты кей жағдайларда ҚҚС-тан босатылған операциялар ретінде көрсеткен.