• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Энергетика Бүгін, 09:50

Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді

30 рет
көрсетілді

Елімізде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында электр желісі инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр. Қазірдің өзінде жаңғырту жұмыстары нәтижесінде электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға азайған, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Ведомство мәліметінше, 2025 жылы 17 мың шақырым электр беру желілері мен 420 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізілген. Нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейі 66 пайызға дейін төмендеген.

Электр энергиясы нарығы үшін электронды шот-фактура жазып беру мерзімі кейінге шегерілді

2026 жылы да ауқымды жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жалпы ұзындығы 17 мың шақырым электр желілерін жаңарту көзделіп отыр. Өңірлер бойынша жоспарланған көрсеткіштер:

Ақмола облысы – 2,5 мың км Астана қаласы – 153 км Ақтөбе облысы – 467 км Алматы облысы – 351 км Алматы қаласы – 264 км Атырау облысы – 430 км Шығыс Қазақстан облысы – 756 км Жамбыл облысы – 1,8 мың км Батыс Қазақстан облысы – 366 км Қарағанды облысы – 1,1 мың км Қостанай облысы – 731 км Қызылорда облысы – 115 км Маңғыстау облысы – 560 км Павлодар облысы – 2,4 мың км Солтүстік Қазақстан облысы – 1,1 мың км Түркістан облысы – 677 км Шымкент қаласы – 67 км Абай облысы – 769 км Жетісу облысы – 422 км Ұлытау облысы – 1,8 мың км

Сонымен қатар, 444 қосалқы станцияны, 3,4 мың тарату пунктін және трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу көзделген.

Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34 пайызға азаяды

Министрлік атап өткендей, жоспарланған шараларды іске асыру электр желілерінің орташа тозу деңгейін қосымша 65 пайызға дейін төмендетуге, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар