• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 08:07

Өзгерістердің мән-жайын түсіндірді

10 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жұртшылықпен жүздесіп, жаңа Ата заң жобасындағы басымдықтар мен негізгі өзгерістерді кеңінен түсіндірді.

Сенат депутаты Евгений Больгерт Қазақстанның неміс жастары одағы­ның активімен кездесіп, жастармен ашық әңгіме өрбітті. Жаңа Конституция жобасының ережелері, парламенттік реформаның негізгі бағыттары, оның ішінде Парламент­тің бір палаталы үлгісіне көшу тақыры­бына тоқталды. Сенатор қатысу­шыларға билік тармақтары арасын­да өкілеттіктерді қайта бөлу, Пар­ламенттің мемлекеттік басқару жү­йесіндегі рөлін күшейту, парламент­тік бақылау тетіктерін дамыту, сондай-ақ заң шығару үдерісінде өңірлердің өкілдігін кеңейту туралы жан-жақты айтып берді.

Сенатор Сәкен Арубаев Жамбыл облысы Қаратау қаласының тұр­ғындарымен, «Talas Investment Company», «Шолақтау» тау-кен байы­ту кешені, «Қазфосфат» ЖШС ұжым­дарымен, сондай-ақ №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы­ның қызметкерлерімен кездесті. С.Арубаев ұсыныл­ған өз­герістер адам құқықтары мен бостан­дық­тары­ның кепілдігін нығайтуға, мемлекет­тік институттар­дың жауапкерші­лі­гін арттыруға, әділдік пен прогресс қағидаттарына негіз­делген жаңа қоғамдық шартты қа­лып­тастыруға бағытталғанын айтты.

Депутат Руслан Рүстемов Қызыл­орда облысында Исатай Әбді­кәрімов атындағы жоғары политехни­ка­лық колледж ұжымымен жүздесті. Ол қаты­сушыларға конституциялық өзге­ріс­тердің логикасы, құжатты дайын­дау кезеңдері және оны әзір­леу кезінде ескерілген қоғамдық ұсыныс­тардың рөлін жан-жақты түсіндірді.

Ал Сенат депутаты, Конститу­ция­лық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы, Конституциялық комис­сия­ның және жалпыұлттық коали­цияның мүшесі Нұрлан Бекназаров Жамбыл, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында болды. Ол жұмыс сапары барысында тұрғындармен, ғылыми және мәдени қоғамдастық өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, студент жастармен кездесулер өткізді.

«Жаңа Негізгі заңда жалпыұлт­тық бағдарлар мен ұрпақтар сабақтас­тығын көрсететін жаңа кіріспеден бастап сөз бостандығын, ғылыми, тех­никалық және шығармашылық қыз­метті қамтамасыз етуге, зияткер­лік меншікті қорғауға, отбасы және неке институтын нығайтуға бағыт­талған нормаларға дейінгі заманауи және іргелі құндылықтар бірден бекітіледі», деді Н.Бекназаров.

Депутат Айгүл Қапбарова да Халық Конституциясының жобасын Шымкент тұрғындарымен бірге талқылады. Ол Тұран ауданында Қазақ­стан халқы Ассамблеясы­ның өкіл­­дері­мен, Ақжар шағын ауданы­ның тұр­ғындарымен, №1 Шымкент қала­лық аурухана ұжымымен және «Атамекен» ұлттық кәсіпкер­­лер палата­сы кәсіпкерлерімен кездесті. Сенатор қоғамдық келісімді конс­ти­ту­циялық бекіту, этносаралық тұрақты­лықты сақтау және ұлттық бірлікті нығайту мәселелерін ерекше атап өтті.

Өңірлердегі мұндай кездесулер конституциялық қайта құрудың мәнін тереңірек түсінуге ықпал етіп, жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау кезеңінде қоғам мен билік өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтады. 

Соңғы жаңалықтар