• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 13:00

Мемлекет басшысы: Елдегі арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігі әлі күнге дейін төмен

10 рет
көрсетілді

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігі әлі күнге дейін төмен екенін сынға алды, деп жазады Egemen.kz.

«Мен Жолдауда арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетін толық пайдалану қажеттігі туралы айттым. Қытайда және Вьетнамда мұндай аймақтар экономиканың қозғаушы күші саналады. Ал біздің елдегі арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігі әлі күнге дейін төмен. Бұл мекемелер экономиканың құрылымын өзгертуге қауқарсыз.

Ширек ғасырға жуық уақыттан бері арнайы экономикалық аймақтардың ішкі жалпы өнімге қосқан үлесі 1 пайыздан сәл ғана асады. Оның 0,3 пайызы – экспортқа, 0,9 пайызы – шетел инвестициясына тиесілі. Арнайы экономикалық аймақтардың қазіргі жұмыс тәсілі мүлде жарамсыз деуге болады. Олар инвестиция тартатын алаң болуға тиіс. Жаңа нормалар, құралдар, сервистік шешімдер сол жерде сынақтан өтіп, одан әрі кең таралуы қажет», деді Президент.

Президент Үкіметке жыл соңына дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын толық цифрландыруды тапсырды

Мемлекет басшысы өз сөзінде Үкіметке үш айдың ішінде арнайы экономикалық аймақтарды дамытудың жаңа үлгісін бекітуді тапсырды.

Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығы құрылады

«Арнайы экономикалық аймақтардың қазіргі инфрақұрылымын дамытуға үш жыл ішінде бір триллион теңге займ қаражатын жұмсау ұсынылып отыр. Алдымен олардың даму моделін қайта құру керек деп санаймын. Онсыз мұндай ауқымды инвестиция жүйедегі қордаланған мәселелерді шеше алмайды. Түптеп келгенде, егер нақты нәтижеге жетемін деген ниет болса, бұл мәселені Түркістан облысының бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалды сияқты қолда бар қаржымен де шешуге болады. Астанада да жақсы тәжірибе бар. Үкімет үш айдың ішінде арнайы экономикалық аймақтарды дамытудың жаңа үлгісін бекітуі керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұлттық антифрод-орталығы 90 мың азаматты алаяқтардың арбауынан сақтап қалды

Соңғы жаңалықтар