• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 15:43

Португалияда соңғы 20 жылда алғаш рет социалист президент сайланды

10 рет
көрсетілді

Португалияда өткен президенттік сайлауда Социалистік партияның кандидаты Антониу Жозе Сегуру жеңіске жетті. Euronews мәліметінше, сайлаудың екінші турында ол 66,8% дауыс жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның қарсыласы – ультраоңшыл Chega партиясының көшбасшысы Андре Вентура 33,2% дауыс алып, жеңілгенін мойындады. Вентура Сегуруды жеңісімен құттықтағанымен, алдағы уақытта елдегі билік өз партиясына өтетініне сенімді екенін мәлімдеді.

Антониу Жозе Сегуру соңғы 20 жылда Португалияда сайланған алғашқы социалист президент атанды. Жеңістен кейін сөйлеген сөзінде ол үкіметпен текетіреске бармай, керісінше, ынтымақтастықта жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.

«Мен билікпен бірлесе жұмыс істеймін және бұл уәдемде тұрамын. Үкіметке қарсы шықпаймын, алайда қабылданатын шешімдер мен олардың нәтижесіне қатысты талап қоя білетін президент боламын», деді Сегуру.

Президенттік сайлаудың бірінші кезеңі 18 қаңтарда өткен. Онда кандидаттардың ешқайсысы 50%-дан жоғары дауыс жинай алмаған. Бұл Португалияда 1986 жылдан бері алғаш рет тіркелген жағдай. Бірінші турда Сегуру 31,1%, ал Вентура 23,5% дауыс жинаған.

Оңтүстік Кореяда жаңа президент сайланды

Андре Вентураны 1,5 миллионнан астам сайлаушы қолдаған. Бұл – 2019 жылы құрылған Chega партиясы үшін ең жоғары нәтиже. Қазіргі таңда партия парламенттегі ең ірі оппозициялық күш болып отыр.

Айта кетейік, Португалия президенті негізінен өкілдік функцияларды атқарады. Дегенмен ол парламент қабылдаған заңдарға вето қоюға, ал ерекше жағдайларда парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау тағайындауға құқылы.

Мемлекет басшысы Португалия Президентіне көңіл айтты

Антониу Жозе Сегурудың инаугурациясы 9 наурызға жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар