• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Несие Бүгін, 14:48

Елдегі несие көлемі 25 трлн теңгеге жуықтады

20 рет
көрсетілді

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда халыққа берілген несие көлемі 19,8%-ға өсіп, 24,8 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Ведомство деректеріне сәйкес, бөлшек несиелердің қарқыны 2024 жылмен салыстырғанда біршама бәсеңдеген. Атап айтқанда, өткен жылы бұл көрсеткіш 23,9% болған.

Халыққа берілген қарыз құрылымына көз жүгіртсек:

Ипотекалық несие 14,6%-ға өсіп, 6,9 трлн теңгеге жетті. Тұтынушылық несие көлемі 21%-ға артып, 16,7 трлн теңгені құрады. Сонымен қатар кепілсіз тұтынушылық несиелердің өсу қарқыны 2024 жылғы 29,3%-дан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 14,5%-ға дейін төмендеді.

Агенттік бұл баяулау тұтынушылық қарыздар сегментіндегі тәуекелдерді шектеу бойынша қабылданған шаралармен байланысты екенін атап өтті. Атап айтқанда, жаңа кепілсіз несие беру көлемінің өсу қарқыны 22,6%-дан 6,1%-ға дейін азайған.

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді

Бұл ретте тұтынушылық несие берудің өсуіне автонесиелер айтарлықтай үлес қосты. Бір жыл ішінде олардың көлемі 42,4%-ға өсіп, 4 трлн теңгеге жетті.

2025 жылғы желтоқсанда ұлттық валютадағы халыққа берілген несиелер бойынша орташа сараланған мөлшерлеме 18,3% болды. Бұл 2024 жылғы 17%-бен салыстырғанда жоғары.

Несие алу неге қиындады?

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мерзімі 90 күннен асқан берешегі бар халық қарыздарының үлесі 4,3%-ды немесе 1,07 трлн теңгені құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 3,8% болған.

Жалпы алғанда, Қазақстанның банк секторы өсім көрсетіп отыр. 2025 жылы банктердің активтері 15%-ға артып, 70,8 трлн теңгеге жетті. Бұл экономикаға берілетін несие көлемінің кеңеюімен байланысты.

Соңғы жаңалықтар